Шығыс Қазақстандағы тасжолдың 5 учаскесінде қар түсірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары көшкін қаупі бар тау беткейлерін қардан тазартуды жалғастыруда.

«Катонқарағай ауданындағы «Ақсу-Талды» тасжолындағы 5 көшкін қаупі бар учаскеде профилактикалық көшкін жүргізілді. Соның нәтижесінде, жалпы көлемі 16 200 текше метр қар түсірілген», - делінген ақпаратта.

«Сөгір-Барлық», «Ақсу-Талды» жергілікті маңызы бар жолдар жағдай толық тұрақталғанға дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Айта кетейік, Катонқарағай ауданында жергілікті және республикалық маңызы бар тасжолдарға қауіп төндіретін 45 учаске бар.


Соңғы жаңалықтар