Шығыс Қазақстандағы өзендерде 12 рет мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде 12 рет мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Богатырево, Быково ауылдарындағы Бұқтырма өзенінде мұз жарылды.

Мұндағы мақсат – мұз кептелісін болдырмау, су тасқынының алдын алу. Екі учаскеде жалпы салмағы 1674 келі жарылғыш зат пайдаланылды.

«Бізде облыс бойынша 18 учаскеде мұзды ұсақтау міндеті тұр. Бүгінде оның 12-сінде тиісті жұмыстар ойдағыдай атқарылды. Ұсақталған мұздың аумағы 135 160 шаршы метрді құрап отыр. Бұл үшін 9386 келі жарылғыш зат жұмсалды», - дейді облыстық ТЖД ескерту басқармасының бастығы Алексей Штыкель.


Соңғы жаңалықтар