Шығыс Қазақстандағы «Өскемен-Самар» тасжолында қар көшкіні түсірілді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Самар» тасжолында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі «Өскемен-Самар» тасжолында профилактикалық мақсатта қар көшкіні түсірілді.

Облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталуда. Соған орай «Қазселденқорғау» филиалының мамандары «Өскемен-Самар» тасжолында қар көшкінінің алдын алу шарасын жүргізді. Жарылыс нәтижесінде барлығы 2100 текше метр қар түсірілген.

«Осындай шаралар өте қажет. Себебі қар көшкіні жолда кетіп бара жатқан азаматтарға үлкен қауіп төндіреді. Ауа-райының күрт өзгеруінен, қалың қар жауып, қатты жел соғуынан көшкін жүріп жатады. Сондықтан тұрғындарға барынша абай болуға кеңес береміз», - дейді филиал басшысы Омар Дүзгімбаев.


Соңғы жаңалықтар