Шығыс Қазақстандағы мырыш зауытында өрт шықты

None
None
РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы мырыш зауытында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде «Казцинк» ЖШС-не қарасты Риддер металлургия комбинаты мырыш зауытының өртеніп жатқаны туралы видео тараған.

Көпшілік бұның экологияға орасан зиянын тигізгенін жазды. Осыған орай ШҚО экология департаментінің өкілдері түсінік берді.

«Расымен де 17 мамыр күні сағат 06:25-де зауыттың скруббер деп аталатын газ тазалау сүзгісінде өрт болды. Өрт анықталған сәтте бірден бөлімше толығымен токтан ажыратылып, пештің жұмысы тоқтатылды. Белгілі болғандай, скруббер корпусы мен шыныпластиктен жасалған газ құбырларының бір бөлігі жанып кеткен», - делінген хабарламада.

Бір сағаттың ішінде облыстық ТЖД қызметкерлері тілсіз жауды ауыздықтаған.

«Аталған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін департамент Риддер қаласының төтенше жағдайлар бөліміне хат жолдады. Жауап алынғаннан кейін кінәлі адамдар жауапқа тартылады», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да жол сапасын тексеру барысында 150-ден астам ақау табылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар