Шығыс Қазақстандағы мұз өткелде көлік қозғалысына рұқсат берілді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткелде көлік қозғалысына рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күршім ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қазір Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткел көлік қозғалысы үшін ашылды.

«Ақпанның 1-і күні мамандар өткелге барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде, мұз қалыңдығы 22-25 сантиметр екендігі белгілі болды. Бұл жеңіл көлік қозғалысы үшін қауіпсіз болып саналады. Алайда, салмағы 1,5 тоннадан асатын жүк көліктердің өткелмен жүруіне әлі де тыйым салынады», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, 11 қаңтар күні Күршім ауданындағы Қызыл ту өткелінде трактор мұз астына құлап кеткен болатын.

Арада бірнеше апта өткен соң өткелге тексеру жүргізіліп, мұзда жарықтар бар болғандықтан көлік қозғалысына тыйым салынған.


Фото: instagram.com/eastkazpolice





Соңғы жаңалықтар