Шығыс Қазақстандағы бейорганикалық өндіріс зауыты қайта жанданады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының жұмысы қайта жанданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Алтай ауданына барды. Аудан әкімінің есебін тыңдап, жұртшылықпен кездесу өткізді.

«Бүгінде Алтай агросекторда күнбағыс, рапс және басқа да дақылдарды өсіруде жетекші орында. Мал шаруашылығында да көрсеткіштер жаман емес. Өткен жылы ТҮКШ саласында, атап айтқанда жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және жылумен жабдықтау бойынша бірнеше жоба іске асырылған. Қазір елді мекендерде су тасқынының алдын алуға қатысты шаралар жүргізілуде», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, басты міндеттердің бірі – «Ертіс» ӘКК құрамына берілген, қала үшін маңызы зор Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытын қайта жандандыру.

«Бұрынғы аудан орталықтарын дамытудың облыстық бағдарламасына енген бұл қаланың дамуына инфрақұрылымды жақсарту үшін қомақты қаражат бөлінуде. Жақын арада Алтайда гемодиализ бөлімшесі ашылады. Сондай-ақ биыл заманауи фитнес орталығының құрылысын бастау көзделіп отыр», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар