Шығыс Қазақстандағы Бесқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі болып Жарқынбек Байсабыров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарқынбек Борашұлы 1969 жылы 9 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бірінші май ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Атап айтқанда 1992 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін тәмәмдады.

Еңбек жолын 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бірінші май ауылында Калинин атындағы ұжымдық шаруашылығының санитарлық-емдеу пунктінде меңгеруші қызметінен бастаған.

1996 жылдың наурыз айынан 1998 жылдың сәуіріне дейін «1 Май» ЖШС-нің меңгерушісі. 1998-2004 жылдары «Ерасыл» шаруа қожалығының басшысы, 2004 жылдың сәуір айы мен қараша айы аралығында Некрасов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып қызмет етті.

2004-2006 жылдары Некрасов ауылдық округінің әкімі болған. 2006-2008 жылдары аралығында Жоғары Егінсу ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарса, 2008 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Абай ауданын басқарды.


Соңғы жаңалықтар