Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан Алтын адам табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымынан Алтын адамның табылғанын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», - дейді фейсбук парақшасында Берік Әбдіғали.
null 

Айта кетерлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі соңғы жылдары тарихи орындарға баса маңыз беріп келеді. Облыс әкімі Даниал Ахметов жауапты ведомстволарға Шығыс Қазақстандағы тарихи-мәдени орындардың «Қызыл кітабын» дайындауды тапсырған болатын.
null 

Соңғы жаңалықтар