+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласының әкімі ауысты

2021 жылғы 19 қазан 18:53
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласының әкімі ауысты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының әкімі болып Медет Мырзыкешов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келді Шығыс Қазақстанда жер қатынастары басқармасының басшысы ауысты

Аягөз аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен Аягөз қаласының әкімі болып Медет Мырзыкешов сайланды.

Медет Нығметоллаұлы 1988 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Шынқожа ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2008-2011 жылдары Семей қаласы Шәкәрім атындағы СМУ университетін бітірген. 2015 жылы Қарағанды экономикалық университетінің құқықтану мамандығын тәмамдаған.

2008-2012 жылдары Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне келісім-шарт бойынша жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары «Таскара» әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағында, 2013-2014 жылдары Суздаль жедел взводында құтқарушы болды.

2014-2016 жылдары Аягөз ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2016-2020 жылдары аталған бөлімнің басшысы болып қызмет етті.

2020 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT