Шығыс Қазақстандағы Абай мүсіні жөнделеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Абай мүсіні жөнделмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы Көкпекті ауданында Абай ескерткіші бой көтерген. Осымен облыс бойынша хакім ескерткіштерінің саны 8-ге жетті. 2020 жылдың сәуір айына дейін Үржар ауданындағы Абай мүсіні жөнделіп, аумағы абаттандырылады», - дейді ШҚО Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқарма басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмұханова.

Оның айтуынша, биыл қазақтың бас ақынына жаңа ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасалмаған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да Абай мерейтойына орай 560 шара өткізілетіні хабарланған болатын.


Фото: guidebook.kz
Соңғы жаңалықтар