Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері орманнан 41 мәрте өрт шыққан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері 41 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша өрт қаупі жоғары кезең басталғалы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 240-қа жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Шығыс Қазақстанда биыл 41 орман өрті тіркелді. Осының салдарынан 330,64 гектар орман жойылған. Сондай-ақ облыс құтқарушылары тәулік сайын шөпті шарпыған жалынды ауыздықтауға аттанады. Құтқарушылар, орманшылар, полицейлер және жергілікті атқарушы орган өкілдері даладағы өрттің алдын алу мақсатында тұрақты түрде бақылау жүргізіп отыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері ҚР ӘКБтК 336-бабын және 410-бабын бұзған 238 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Осы ретте халыққа сөндірілмеген темекі тұқылын жерге тастамай, отты пайдаланған кезде барынша абай болу қажеттігін ескертеміз. Өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласу қажет» деп ескертеді департамент.


Соңғы жаңалықтар