Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 80 көлік отқа оранған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері 80 көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша көлік өрті аз тіркеліп жатқан жоқ.

Жыл басынан бері 80 көлік отқа оранған.

Соңғы оқиға бүгін Өскемен қаласындағы Грибоедов көшесінде болды.

«Тілсіз жау «Газель» маркалы автокөлік қозғалтқышының жанғыш бөлшектерін, салонды және алдыңғы доңғалақтарын шарпыды. Сол жерге өрт сөндірушілер жедел келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған жалын толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылардың айтуынша, көліктің техникалық жағдайын мұқият қадағалап, уақытылы тексеруден өткізу керек.


Соңғы жаңалықтар