Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 50-ден астам монша өртенді

2022 жылғы 4 қазан, 22:19
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 50-ден астам монша өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 50-ден астам монша өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, моншадан шыққан өрт өте қауіпті. Себебі қызыл жалын жақын салынған шаруашылық қора-жайларға лезде таралып кетеді.

«Жыл басынан бері өңір бойынша 50-ден астам монша отқа оранған. Өткен айда осындай 10-ға жуық өрт тіркелген. Көп жағдайда тілсіз жаудың шығу себебі – пеш жылыту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Моншалардағы өрттің негізгі себептері: бу бөлмесіндегі бітелген мұржа, пештің немесе мұржаның ағаш ғимараттарға жақын орналасуы, тез тұтанатын материалдардан қорғалмаған құрылымдардың қызып кетуі және қараусыз қалған ашық от.

«Тіпті моншадағы ағаш өрттің алдын алу үшін арнайы сұйықтықпен алдын-ала майланса да, шатыры жанбайтын металдан жасалса да, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз жалын шығу қаупі зор. Сол үшін әрдайым абай болу қажет», - дейді С.Амангелдин.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar