Шығыс Қазақстанда ЖРВИ-мен ауыратындар саны артқан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ-мен ауыратындар саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылдың қаңтар айында өңір бойынша жедел респираторлық-вирус инфекциясына шалдыққандар біршама көбейген. Бұл жайлы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли мәлімдеді.

«Облыста қаңтардың екінші онкүндігіндегі жағдай бойынша ЖРВИ-мен ауыратындар саны – 7 106 адам. Оның ішінде Өскемен қаласында – 1 433 факті тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 23 пайызға көп», - дейді Владимир Ли.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы 5 мектепте ЖРВИ-дің өршуіне байланысты карантин жарияланғандығы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар