Шығыс Қазақстанда «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қиын жағдайға тап болған жерлестеріне көмек көрсеткен, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырып, қайырымдылық шараларына белсене атсалысқан азаматтар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылдың меценаты аталымы Бородулиха ауданының тұрғыны «Ассорти 2» шаруа қожалығының басшысы Игорь Шевченкоға бұйырды.

Ол қожалық жұмысшыларына үнемі көмектесіп, сәбилі болғандарға 100 мың теңгеден көмек көрсетеді.

Жыл сайын тұрғындарға бақша өсіру, қыста және жазда жолдарды күтіп ұстау, көктем кезінде су бұру арналарын тазарту жұмыстарына қолғабыс етеді.

«Сонымен қатар Игорь Викторович бизнес ашқысы келетін көпбалалы аналармен кездесулерге белсенді қатысты. Бастамашыл әйелдердің тәлімгерлігімен қызығушылық танытқан аналар «Іскер ана» бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, өз жобаларын іске асыру үшін грант алды» делінген ақпаратта.

2020 жыл елдегі волонтерлікті дамытуға үлкен серпін болды. Ерен ерлік номинациясы бойынша волонтерлік қызметке белсенді қатысқаны үшін Курчатов қаласының волонтерлік қозғалыс орталығының төрайымы Әсемгүл Калимолдина сыйлық иегері атанды.

Ол Курчатовтағы еріктілер қозғалысын кеңейтіп, 2 мыңнан астам адамды тарта білді.

«Балаларға жүрек сыйла», «Құс асханасы», «Біз біргеміз», «Мейірімді көршілер», «Мейірімді іс», «Жақсылық жолы», «Мың алғыс», «Маска тағыңыз» волонтерлік акцияларын ұйымдастырды.


Соңғы жаңалықтар