Шығыс Қазақстанда жолды күтіп-ұстауға қатысты 42 заңбұзушылық анықталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жолды күтіп-ұстауға қатысты 42 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде қаңтар айының басынан бері қалың қар жауып, боран соғуына байланысты жол мамандарының жұмысы көбейген.

«Бірақ бұл жұмыс сапасының төмендеуіне әкеліп соқпауы керек. Сол үшін бақылауды күшейттік. Мамандар кезекті рейдке шығып, «Өскемен-Алтай» тасжолын тексерді. Тасжолда 2 техника болған. Тексерілген аумақта өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Ал Өскемен-Риддер жолында жағдай күрделірек. Жергілікті тұрғындардың шағымы көлік тоқтайтын орындардың тазаланбағанына қатысты болып отыр», - делінген ақпаратта.

Қыс мезгілінде республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға барлығы 30-ға жуық осындай рейд жүргізілген. Соның нәтижесінде, жолды күтіп-ұстауға қатысты 42 бұзушылық анықталды.


Соңғы жаңалықтар