Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғалары 31,6%-ға азайған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл жол-көлік оқиғалары 31,6%-ға, жол апатынан көз жұмғандар 27,1%-ға азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы онлайн форматта халыққа есеп берген ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев айтты.

«Көлік жүргізушілерімен профилактикалық жұмысты жандандыру, жолдарды тексеру және авариялық-қауіпті учаскелерді жою нәтижесінде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, биыл жол-көлік оқиғалары 31,6%-ға, жол апатынан көз жұмғандар 27,1%-ға, жарақат алғандар 32,5%-ға азайған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін бірқатар шаралар атқарылды. Мәселен, Өскемендегі 21 жол қиылысында жүргізушілерге солға бұрылуға рұқсат беретін арнайы секциялары бар бағдаршамдар орнатылды. Сондай-ақ 3 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды», - деді ол.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Өскемен мен Семей қалаларында, Самар, Көкпекті ауылдарында және Глубокое кентінде 9 бағдаршам салынған. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына комиссиялық тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижелері облыс әкімдігі мен прокуратураға қарауға жолданды.

Соңғы жаңалықтар