Валюта бағамдары:
    usd/kzt 470.9 eur/kzt 496.94

    rub/kzt 8.83 cny/kzt 70.33
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 5 адам көз жұмды

2022 жылғы 22 мамыр 21:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында жол апатынан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 22 мамыр күні сағат 07:40 шамасында республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының Жарма ауданы Қалбатау ауылының тұсындағы 959 шақырамында болған.

«NISSAN CEFIRO» маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, алдында келе жатқан «Беларусь 82.1» маркалы трактор тіркемесінің артына соғылған. Соның салдарынан жеңіл көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті» делінген ақпаратта.

Ал 1 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар