Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен екі адам табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жоғалып кеткен екі адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Қаракөл ауылынан Жаңа Бұқтырма кентіне бет алған 1988 жылғы әйел мен 1986 жылғы ер адам жоғалып кеткен.

«Хабар түскен соң құтқарушылар қарда жүретін арнайы техникамен шұғыл іздеуге шықты. Жоғалғандар Бұқтырма су қоймасының жағасынан табылған. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Құтқарушылар екеуін жақын маңдағы елді мекенге жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД мамандары өңір жұртшылығына жолға шыққан кезде жақындарыңызға өз бағытыңыз туралы айту қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ өзіңізбен жылы киім, қуатталған ұялы телефон болуы тиіс. Қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда дереу «112» нөміріне хабарласу қажет.


Соңғы жаңалықтар