Шығыс Қазақстанда жастарға жеке кәсіп ашуға 300-ден астам грант беріледі

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының жастарына жеке кәсіп ашу үшін 300-ден астам грант беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін – халықаралық жастар күні. Шығыс Қазақстанда барлығы 118 646 жас тұрады. Бұл – жалпы халықтың 16,5 пайызы.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, мерекеге орай өңірде бірқатар шара өткізілді. NEET санатындағы жастармен кездесулер ұйымдастырылып, мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.

«Қала және аудан әкімдерінің қатысуымен белсенді, дарынды жастармен диалог алаңдары, интеллектуалдық ойындар, волонтерлік және қайырымдылық акциялары, әлеуметтік желілерде челлендждер өтті. Қазіргі уақытта облыста «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6 613 адам техникалық және кәсіптік білім алып жатыр. 2022 жылы жұмыссыз жастарға жеке кәсіп ашуға 312 грант беріледі», - делінген орталық хабарламасында.

Сондай-ақ, «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау» бағыты бойынша 1 057 жас жұмысқа орналастырылды. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 290 жас маманға көтерме жәрдемақы, 112 жасқа тұрғын үй сатып алуға мемлекеттік несие берілді. «Жасыл ел» бағдарламасымен 495 адам жұмыспен қамтылған.


Соңғы жаңалықтар