
15:37
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 ақпанда қар көшкінінің алдын алу шаралары «Алтай-Путинцево» тасжолының 37-шақырымында жүргізілді.
«Өңірдегі құбылмалы ауа райы мен желдің күшеюіне байланысты аталған жол учаскесінде көшкін жүру қаупі арта түскен. Соған орай жасанды жолмен 250 текше метр қар түсірілді. «Қазселезащита» мекемесінің қызметкерлері бірден қарды тазалап, жолды ашты», - делінген хабарламада.
Осы ретте, ведомство өкілдері өңір тұрғындарына таулы жерлерге бармауға кеңес береді.