Шығыс Қазақстанда жаңа туған 14 нәрестеден коронавирус табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 14 нәрестеден COVID-19 инфекциясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңір бойынша 180 жүкті әйел коронавирус жұқтырған. Бұл - пандемия басталғалы бері есептегендегі көрсеткіш. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, облыста жаңа туған 14 нәрестенің ПТР-тест нәтижесісі оң болып шықты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес барлық тексерулер нәрестенің дүниеге келген алғашқы күнінде жасалады», - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін жүкті әйелдердің арасында коронавирусқа байланысты түсік жасағандар болған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 1400-ден астам медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар