Шығыс Қазақстанда жәбірленушілерге 5,5 млн теңге төленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында әр түрлі қылмыстан зардап шеккендердің пайдасына 5,5 млн теңге берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңына сәйкес, зардап шеккендерге алғашқы біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Адамды жәбірленуші деп таныған күннен бастап ол 3 жыл ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына өтемақы өндіру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Жәбірленушілердің үш санаты, атап айтқанда жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрген кәмелеттік жасқа толмағандар және адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстар бойынша 30 АЕК мөлшерінде, адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілген не иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған адамдар 40 АЕК мөлшерінде, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда 50 АЕК мөлшерінде өтемақы алуға құқылы», - деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өңір бойынша 42 адам 5,5 млн теңге көлемінде өтемақы алды. Негізінен қаражат ауыр дене жарақатын алған немесе қасақана өлім-жітімнің, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары салдарынан туыстарынан айырылған жәбірленушілерге төленген.

«Бұдан бөлек, қала, аудан прокурорлары Қорға сотталған адамдардан ақша қаражатын өндіру туралы 23 талап-арыз берді. Қалған қылмыстық істер өндірісте болғандықтан, солар бойынша талап-арыздар кейінірек беріледі», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар