Шығыс Қазақстанда заңсыз айналымнан 60-қа жуық қару тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында заңсыз айналымнан 59 қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жыл басынан бері заңсыз айналымнан 59 қару мен 242 оқ-дәрі тәркіледі.

Оның ішінде иір ойықты 9, тегіс ұңғылы 46 қару, газ және травматикалық пистолеттер мен электрошокер бар.

«Аталған фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабына сәйкес 52 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің 287-бабы бойынша 22 іс қозғалған. Биыл полицейлер 10 569 азаматтық қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексерді», - делінген ақпаратта.

Тексеру нәтижесіне сәйкес 168 бұзушылық анықталып, олар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Соңғы жаңалықтар