Шығыс Қазақстанда заңсыз айналымдағы 93 қару тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында заңсыз айналымдағы 93 қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында 3 ақпаннан бастап «Қару» жедел алдын алу шарасын өткізуде. Мұндағы мақсат – атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан шығару.

«Шара басталғалы бері заңсыз айналымдағы 93 қару және мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. Бұлан бөлек, 12 000-нан астам қару иесі тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, 304 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олардың ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 84, сақтау ережелерін бұзғаны үшін -149, қаруды тіркеу ережелерін бұзғаны үшін – 71», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Мәселен, 23 наурыз күні полицейлер үйінде көп мөлшерде оқ-дәрі сақтаған 34 жастағы Өскемен тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.


Соңғы жаңалықтар