Шығыс Қазақстанда заңсыз ауланған 2 тоннаға жуық балық тәркіленді
2022 жылғы 22 маусым 06:21

Шығыс Қазақстанда заңсыз ауланған 2 тоннаға жуық балық тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері заңсыз ауланған 2 тоннаға жуық балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың басынан бері Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы заңсыз балық аулау фактісі бойынша 500 әкімшілік және 6 қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында инспекцияның бас маманы Серік Қарыпов айтты.

«Заңсыз балық аулау салдарынан мемлекетке келген материалдық залал мөлшері әрбір қылмыстық іс бойынша 100 АЕК-тен асып отыр. Браконьерлерге 7 миллион теңге айыппұл салынып, 11 миллион теңге мөлшерінде талап арыз өндіріледі», - деді ол.

Серік Қарыповтың айтуынша, заңсыз балық аулаушылардан 1980 келі балық, 259 балық аулау құралы, 125 ау, 7 қайық және екі мотор тәркіленген.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT