Шығыс Қазақстанда үздік мұғалімдер марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында үздік мұғалімдер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Бүгін жауапкершілігі аса жоғары мамандықтардың бірі – ұстаздар қауымының мерекесі. Әрбіреуіміздің мектеп қабырғасын алғаш рет аттағанымыз, аяулы ұстаздарымыздың бізге берген білімі, тәлім-тәрбиесі, ақыл парасаты әрқашан жадымызда. Мұғалім болу үшін педагогикалық білім аздық етеді. Өйткені оқушының психологиясын меңгеріп, оны білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпақтың санасына адами қасиеттерді, рухани құндылықтарды сіңіру қажет», - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, пандемияның қиын кезеңдерінде мұғалімдер елеулі еңбек етіп, қашықтан білім беруді жалғастырды.

«Адам баласының тұлға болып қалыптасуы мектеп кезінен бастау алады. Оған себепкер болатын адамдардың бірі – мұғалімдер. Себебі оқушының бойынан қандай да бір қасиетті байқап, оны жетілдіруге, бойындағы бар талантты ашып, дамыту үшін қолдарынан келгенін аямайды. Құрметті ұстаздар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын және жұмыстарыңызға табыс, мықты денсаулық, зор бақыт тілеймін!», - деді Даниал Ахметов.

Айтулы күнге орай «Үздік мұғалім» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарына 800 мың теңгеден ақшалай сертификаттар табысталды. Сондай-ақ жемісті еңбек еткен ұстаздарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.


Соңғы жаңалықтар