Шығыс Қазақстанда Тұрғысын су электр стансасы сынақтан өтіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Тұрғысын су электр стансасы сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Тұрғысын су электр станциясын сынақтан өткізу басталды.

Ол 72 сағатқа созылады және егер сәтті аяқталса, шағын су электр станциясы өз жұмысын штаттық режимде бастайды.

«Тұрғысын өзенінде қуаты 29,4 МВт шағын су электр стансасын салу – Шығыс Қазақстан үшін маңызды жоба. Мұндай шағын жобаларды іске асыру сырттан сатып алынатын электр энергиясының көлемін толтыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте тұтынушылар үшін тарифтің қымбат тұратын құрамдас бөлігінің бірі – тасымалдау шығыны жойылатын болады. Сонымен қатар электрмен жабдықтау сенімділігі мен үнемділік жақсарады, атмосфераға жайылатын зиянды шығарындылар азаяды. Шағын су электр станцияларының басты артықшылығы – экологиялық тұрғыдан қауіпсіз. Бұл нысандарды салу және пайдалану судың химиялық және физикалық қасиеттерін өзгертпейді» делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысындағы көптеген өзендердің әлеуеті шағын су электр стансасын дамытуға мол мүмкіндік береді.

Мұндай электр энергиясының көздері биік таулы аймақтар үшін өте ыңғайлы.

Шағын су электр станциясы жобаларына шетелдік және отандық инвесторлар тарапынан қызығушылық бар.

Тариф неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бұл бағытқа қызығушылық артады. Тұрғысын-1 су электр станциясы іске қосылғаннан кейін тағы біреуінің құрылысы басталмақ.

«Бұл құрылыс салатын жер бекер таңдалған жоқ. Тұрғысын өзенінің суы мол және су қорын жинап алу мүмкіндігі басым. Су электр стансасы үшін ең маңызды мәселе оның беріктігі. Тұрғысын станциясының 50 градустық аязға төзімділігі мен мол суды ұстау мүмкіндігі тексерілді. Шағын су электр станциясы 50 және одан да көп жыл қызмет ете алады», - деді су электр станциясы құрылысының басшысы Қалаубек Баймұханбетов.


Соңғы жаңалықтар