Шығыс Қазақстанда тұмауға қарсы 90 мыңға жуық вакцина сатып алынды

None
None
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстың медициналық мекемелері күзгі суық тию маусымына дайын екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкім коронавирусқа қатысты шектеулерді толық алу туралы айтуға әлі ерте, бірақ аралық қорытынды туралы айтуға болатынын атап өтті.

«Біз қазір қиын жағдайда тұрмыз, бірақ оны жеңуге болады. Алдыға қойылған талаптарды орындау қажет, ал олар оңай емес. Оны орындау үшін бір ғана нәрсе керек. Ол - тәртіп. Мен бұл қиындықтан шығатынымызға сенемін. ШҚО-ның материалдық жағынан жабдықталуы туралы айтар болсам, облысымызда салыстырмалы түрде құрал-жабдық жеткілікті. Бір айдан кейін бізде 8 компьютерлік томограф болады», - деді Д.Ахметов Глубоковский ауданына барған жұмыс сапарында.

Баспасөз қызметінің хабарлайынша, күздің басы – тұмау, жөтел мен денсаулық жағдайының нашарлауымен байланысты кезең. Аймақ басшысы қазіргі уақытта облыс тұмауға қарсы 88 мың вакцина сатып алғанын атап өтті.

«Қазанның соңына дейін тағы 200 мың доза келеді және қауіп тобындағылардың барлығы тегін екпе алады. Біз вируспен қалай күресу керегін білеміз. Біздің медицина мекемелеріміз қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Бізге күзгі кезеңнен өтуге тәртіп, әлеуметтік қашықтық пен барлық санитария ережелерін сақтау көмектеседі», - деп қорытындылады ШҚО әкімі.

Автор: Руслан Шакабаев


Соңғы жаңалықтар