Шығыс Қазақстанда тұмау жұқтырғандар саны 30 пайызға артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл жіті респираторлық вирус инфекциясымен ауырғандар саны 30 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірде 94 473 адам жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырып алған.

Оның ішінде 43 мыңға жуығы - 14 жасқа дейінгі балалар.

«Аймақ бойынша инфекцияға шалдыққандардың көбі – Өскеменде (46 мыңнан астам адам). Ал ең азы – Тарбағатай ауданында (31 адам). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 31,6 пайызға артып отыр. Бұған COVID-19 індетіне байланысты халықтың медициналық көмекке жүгінуінің артуы себеп болды», - деді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.

Оның айтуынша, биыл облыста 24 555 адам тұмауға қарсы екпе алған.



Соңғы жаңалықтар