Шығыс Қазақстанда тау бөктері қардан тазартылып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тау бөктері қардан тазартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары қар көшкінінің алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

12 ақпанда «Өскемен-Серебрянск-Алтай» тасжолында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді.

«Құбылмалы ауа райы мен желдің күшеюіне байланысты аталған жол учаскесінде көшкін жүру қаупі арта түскен. Барлығы 2520 текше метр түсірілді. «Казавтодор» қызметкерлері бірден қарды тазалап, жолды ашты» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, кеше де ШҚО-да жасанды жолмен қар түсірілген.


Соңғы жаңалықтар