Шығыс Қазақстанда тағы бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тағы бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақавтожол» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, 25 ақпанда сағат 18:20-дан бастап күннің бұзылуына, нақты айтқанда боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 15-102 шақырымында және «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы шектелді.

Осы ретте, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы тасжолдардың бірі жабылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар