Шығыс Қазақстанда тағы бір күре жолда көлік қозғалысы шектелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, 19 ақпанда сағат 18-30-дан бастап ауа-райының нашарлауына байланысты, нақты айтқанда қар еріп, жолдың дұрыс көрінбеуінен республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Осы ретте, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақтанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжолдың жабылғандығын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар