Шығыс Қазақстанда тағы бір адам суға кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 1963 жылғы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое ауданының тұрғыны Веселое ауылындағы Крутиха өзенінде шомылып жүрген. Ол достарымен бірге суға түсуге рұқсат етілмеген жағажайға демалу үшін барған. Суға батып кеткен азаматтың денесін достарының бірі алып шықты.

«Өңір жұртшылығына жабдықталмаған жағажайларға бармау қажеттігін ескертеміз. Ондай жерлерде суға түсу өте қауіпті. Құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бекеті де жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 27 жастағы әйел 8 жасар баласымен бірге суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар