+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда соңғы бес күнде 9 жол апаты болды

2019 жылғы 19 қазан 20:02
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда соңғы бес күнде 9 жол апаты болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райы бұзылып, күн суытқалы Шығыс Қазақстан облысында жол апаты жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда жәдел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, 4 адам зардап шекті СҚО-да жолға шығып кеткен жылқының кесірінен 3 жол апаты болған Ақтауда түйемен соқтығысқан көліктегі 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

«Соңғы бес күнде Шығыс Қазақстанда 9 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 9 жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

«Жол бойындағы қабылдау» акциясы аясында ашылған мобильді бекеттерде азаматтарға профилактивалық үнпарақ таратылып жатыр. Патруль полицейлері көлік жүргізушілеріне жол жүру жылдамдығын таңдайтын кезде ауа райын ескеруді өтінеді. Кенеттен маневр жасамай, көлікті аяқ астынан тоқтату немесе жылдамдықты асырудан аулақ болуға шақырады. Күн бұзылып, суытып кеткенін ескерсек, бұл әрекеттер жол апатына апарып соқтыруы мүмкін.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге де жол ережелерін сақтау керектігін еске салды. Жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өтуге болмайтынын айтып, барлық көліктер жол бергеніне көз жеткен кезде ғана көшенің арғы бетіне өтуге кеңес берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT