Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары 2 шілдеге дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 2 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Онда жазылғандай, өңірдегі карантин 2 шілдеге дейін ұзартылды.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толу деңгейі – 7,4%.

Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,978.

«Ashyq» жобасына қатысатын «жасыл», «сары» аймақтардағы әуежайлар, теміржол вокзалдарына жұмыс істеуге рұқсат берілді. Осы қаулы 19 маусымнан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады» делінген құжатта.

Бұл ретте ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар