+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда СЭС-ке «мина қойған» әзілқой ұсталды

2021 жылғы 14 қаңтар 21:40
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда СЭС-ке «мина қойған» әзілқой ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны әзілдеп СЭС-ке «мина қойған», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел іздестіріліп жатыр Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтарға алданып, 1 млн теңгесінен айырылды

Қаңтардың басында Глубоковский ауданындағы ПБ «102» жедел каналына 56 жастағы азамат хабарласып, танысы Өскемен қаласындағы СЭС-ке мина қойғанын хабарлаған.

Полиция қызметкерлері мен тиісті органдар тез арада оқиға орнын тексеріп шықты.

Оқиға орнына жеткен мамандар жарылғыш құрылғыны анықтай алмады. Хабарлама расталған жоқ.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында екі адам спирттік ішімдік ішіп отырып сөзге келіп қалғаны анықталды. Сөйтіп азаматтардың біріне қылмыстық ой келген. Ойға алған ісін жүзеге асырмақ болған мас адам, іс-әрекетінің маңыздылығын түсінбей құқық қорғау органдарына жалған мәлімдеме жасап хабарласқан», - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мадиев.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT