Шығыс Қазақстанда сайлау күні 20-ға жуық нәресте дүниеге келді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сайлау күні 17 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 наурыз – Шығыс Қазақстан облысындағы 17 әйелдің есінде мәңгі қалары сөзсіз. Себебі бұл күні олардың көптен күткен сәбилері дүниеге келді.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау күні өңір бойынша 17 нәрестенің кіндігі кесілді. Оның ішінде 8-і ұл, 9-ы қыз. Өңірде барлық санаттағы азаматтардың дауыс беруі үшін тиісті жағдайлар жасалған. Перзентханаларда жатқан әйелдер үшін де сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 533 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі сайлау учаскесінен фоторепортаж берген едік.


Соңғы жаңалықтар