Шығыс Қазақстанда сайланған 77 ауыл әкімі өз жұмысын бастады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бюллетеньдерге енгізілген 232 кандидаттың ішінен 77 ауыл әкімі сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, сайлауда бес партияның өкілдері мен өзін-өзі ұсынған кандидаттар жеңіске жетті. Әкімдердің 46-сы өз ауылдық округтері бойынша қайта сайланса, 4-і басқа округтің әкімі болды.

Ең жас әкім Дархан Төлеуханов 29-да. Енді ол Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарады. Ал Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округінің жаңа басшысы атанған 61-дегі Советқан Қалиев жасы ең үлкен әкім болып отыр.

«77 әкімнің 8-і әйел адам. Білімдеріне қатысты айтар болсақ, ауыл әкімдері арасында 23 мұғалім, 16 заңгер, 15 ауыл шаруашылығы саласының қызметкері, 9 экономист, 8 инженер және 6 басқа мамандық өкілі бар. Қазіргі уақытта аудан әкімдері сайланған ауыл әкімдерін тұрғындарға таныстырып, бірқатар тапсырма жүктеді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар