Шығыс Қазақстанда сәуір айының басынан бері 16 баланы кене шақты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері 50-ге жуық адамды, оның ішінде 16 баланы кене шақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сәуір айының басынан бері эндемиялық аумақтарда 47 адамды кене шақты.

Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 16 бала бар.

«Биыл кене шағудың эпидемиологиялық маусымы облыста көктемнің алғашқы айларындағы ауа температурасының суық болуына байланысты кеш басталды. Сондықтан кене шағу көрсеткіші өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда біршама аз», - делінген ақпаратта.

Өңір аумағында кене инфекцияларымен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ.

Көпжылдық эпидемиологиялық талдау нәтижелері көрсеткендей Шығыс Қазақстанда бұл аурудың алғашқы жағдайлары мамыр айында тіркеледі.



Соңғы жаңалықтар