Шығыс Қазақстанда сәуір айы басталғалы 6 дала өрті сөндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1 сәуірден бастап дала өрттері тіркелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 сәуірден бастап Зайсан, Тарбағатай, Күршім және Бесқарағай аудандары мен Курчатов қаласында дала өрті шыққан.

«Құтқарушылар сол жерлерге дереу аттанып, қызыл жалынды толықтай ауыздықтады. 6 өрттің жалпы ауданы 76 гектарды құраған. Тілсіз жаудың шығу себебі көп жағдайда – отты абайсыз пайдаланудан болып отыр», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, өңірде өрт қаупі бар кезең әдетте 15 сәуірден басталады. Осы ретте, департамент мамандары облыс жұртшылығына өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар