+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда сатушы әйел өзі жұмыс істейтін дүкеннен ақша ұрлаған

2021 жылғы 15 қазан 04:21
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда сатушы әйел өзі жұмыс істейтін дүкеннен ақша ұрлаған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы дүкенде жұмыс істейтін әйел кассадағы 2 млн теңгені қалтасына басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда қойма меңгерушісі мекемеден 2,3 млн теңгенің киімін ұрлаған Өскеменде пәтерден 19 млн теңгенің мүлкін ұрлаған үш адам ұсталды Ақмола облысынан хабар-ошарсыз кеткен адам ұрлық жасап ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына жергілікті жеке кәсіпкер жүгінген.

Өз сөзінде ол қол астында жұмыс істейтін 28 жастағы сауда өкілінің ірі көлемде ақша жымқырғанын жеткізді.

«Белгілі болғандай, әйел адам өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Глубокое ауылында орналасқан дүкеннен ақша ұрлаған. Осының салдарынан жәбірленушіге келген жалпы шығын мөлшері – 1 900 000 теңгеден асты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 28 жастағы күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT