+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді

2020 жылғы 23 наурыз 04:00
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан келетін автобус, ұшақ, темір жол және өзге де көлік жолаушыларын түсіру пунктерінің бәрінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тексеру жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бапсасөз қызметінен хабарлағандай, облысқа келген 10416 жолаушыдан анкета алынған. 185 көлік құралы тексерілген.

«Анкетаға Нұр-Сұлтаннан келген 3942 жолаушы, Алматыдан келген 5117 жолаушы жауап берді. Сонымен қатар Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарадағы бес автокөлік бекетінде және ҚХР-мен шекарадағы екі бекетте санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айта кетерлігі, Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT