Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жабылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалуы мүмкін.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 420-450 шақырымында (Берел ауылынан Рахман қайнары санаториіне дейінгі аралық) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген ақпаратта.

Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар