Шығыс Қазақстанда рақымшылыққа ілінген 8 адам бостандыққа шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 8 адамға рақымшылық жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО колонияларынан 8 сотталған азамат рақымшылықпен босатылды. Оларға рақымшылық соты Шығыс Қазақстан облысында онлайн режимде өтті.

Сот қаулысы жарияланғаннан кейін сотталғандар дереу босатылды.

Сотталғандарды туыстары да қуана қарсы алды. Олардың біреуі Өскемендегі 156/1 уақытша ұстау изоляторында отырған азамат.

– Мен алаяқтық бойынша сотталдым. Жаңа жыл қарсаңында бостандыққа шығуым апам үшін тосынсый болды. Мұнда отырған жылдары көп сабақ алдым, – дейді Владислав Слободской.

Айта кетейік, бұған дейін түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заң түсіндірілген.


Соңғы жаңалықтар