Шығыс Қазақстанда өткен аптада 55 орман өрті тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада 55 орман өрті тіркелді. Мамандардың айтуынша, бұл рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметіне сүйенсек, өңірде орман өрті өршіп тұр.

«Тек соңғы 7 күнде облыста орманнан 55 рет өрт шыққан. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Тек Семей орман шаруашылығында 50 өрт тіркеліп отыр. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 10,09 гектарды құраған. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген жалпы шығын мөлшері бес миллион теңгеден асады. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетіп, ауа температурасы +27 градус болғандықтан жалын жылдам тарап кеткен», - делінген ақпаратта.

Көп жағдайда өрттің шығуына найзағай себеп болуда. Сондықтан мамандар өңір жұртшылығына әзірге орманды жерлерге бармауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар