Шығыс Қазақстанда өртті өзі сөндірмек болған әйел зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тұрғыны үйінде шыққан өртті сөндіремін деп зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 қазан күні кешкі уақытта Герасимовка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққан. 1977 жылғы әйел жұмыстан оралған кезде үйдегі түтінді көреді.

Ол бірден «101» нөміріне қоңырау шалады да, содан кейін қызыл жалынды өз күшімен сөндіруге тырысқан.

«Алайда өртті ауыздықтай алмаған әйел адам түтінге тұншығып, оқиға орнына келіп жеткен Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ол көміртегі тотығынан орташа дәрежедегі улану белгілерімен Өскемендегі ауруханаға жатқызылды» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 100 шаршы метрге жеткен тілсіз жауды ауыздықтады. Сондай-ақ жер үйден 2 газ баллоны шығарылған.


Соңғы жаңалықтар