Шығыс Қазақстанда өртенген үйден 80-нен асқан екі әжей құтқарылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген үйден 80-нен асқан екі кейуана құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 ақпан күні Алтай қаласындағы Астана көшесінде болған.

Көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.


«Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келген кезде пәтер ішіндегі жиһаз, жеке заттар, терезе және есік блоктары жанып жатты. Үй иесі отты өз күшімен сөндіргісі келген. Бірақ онысынан түк шықпады. Құтқарушылар 89 және 84 жастағы екі әжені баспалдақпен сыртқа алып шықты. Жедел жәрдем дәрігерлері тексергеннен кейін оларды ауруханаға жатқызудың қажеті болған жоқ», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай жалпы ауданы 12 шаршы метрге жайылған қызыл жалын толықтай сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 9 адам мен 3 техника жұмылдырылған.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен


Соңғы жаңалықтар