Шығыс Қазақстанда орман өрті екі есе артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында биыл орман өрті 1,8 есеге артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірде 118 орман өрті тіркелген.

Бұл - 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе артық. Тілсіз жаудың салдарынан 483,53 гектар орман алқабы жойылды.

Өткен аптада орман өрттері Бесқарағай, Тарбағатай, Бородулиха аудандарында болды.

Өрт сөндірушілер, орманшылар, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және шаруа қожалықтардың жұмысшылары қызыл жалынды ауыздықтауға жұмылдырылған.

- Өрттің шығу себептері әртүрлі. 75% жағдайда – найзағайдың салдарынан от шығады. Қалғаны әдетте тұрғындардың кінәсінен. Негізінен орман өртін анықтаумен және сөндірумен «Қазавиаорманқорғау» мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Оларға ТЖД өрт сөндірушілері мен жергілікті атқарушы органдар әркез көмек көрсетіп келеді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар