Шығыс Қазақстанда ораза жайлы сұрақтарға арнайы Telegram-бот жауап береді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін «Ramazan live» Telegram-боты іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«Шығыс ақпарат» медиахолдингі бастамасын «Халифа Алтай» мешіті қолдап, Telegram арнасында «Ramazan live» атты бот іске қосылды. Аталмыш жобадан қалалар мен аудандар бойынша намаз және ораза кестесі, ауыз ашу және бекіту дұғалары, садақа жайлы біліп, Рамазан айында жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады», - дейді медиахолдингтің SMM департаменті басшысы Елжан Қайырқанов.

Оның айтуынша, «Ramazan Live» Telegram-боты халықтың жедел түрде өзіне қажетті ақпаратты табуына және мазалаған сұрақтарына нақты жауап алуына мүмкіндік береді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Муфтият» баспасынан Рамазанға байланысты «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабы шығарылып жатыр. Дегенмен, кітапты барлығы оқи бермейді. Ал ұялы телефон үнемі қолда болғандықтан кез келген уақытта осы ботты қолдану ыңғайлы», - дейді облыстың бас имамы Ермек қажы Мұқатай.

Алдағы уақытта бұл жобаны дамыту да жоспарланып отыр.

Бас имамның сөзінше, Рамазан айы аяқталғаннан кейін де бұл боттан күнделікті өмірде кездесетін дінге қатысты сұрақтарды қамтып, барлығына бірдей жауап ала алатындай жағдай жасалмақ.


Соңғы жаңалықтар